Гипотеза

lat: Gıpoteza

(грекше hypothesis- негіз, болжам ) ой қорыту жүйесі, сол арқылы бірқатар фактілер негізінде объектінің, байланыстың немесе құбылыс себептерінің болуы туралы тұжырым жасалады, алайда бұл тұжырымды әбден анықталған деп санауға болмайды. Осы тұжырымның мазмұнын да гипотеза деп атайды. Ғылымда құбылыстар, олардың себептері арасындағы байланыс онша айқын болмай, олардың алдындағы немесе оларға қатысты көптеген мән-жағдайлар белгілі болған кезде, қазіргінің кейбір сипаттамалары бойынша өткен кездің көрінісін қалпына келтіру қажет болған кезде немесе өткендегі мен қазіргінің негізінде құбылыстың болашақтағы дамуы туралы тұжырым жасау керек болған кезде гипотеза қажет болады. Алайда белгілі бір фактілер негізінде гтпотеза ұсыну - алғашқы қадам ғана. Ықтималдылық сипатына қарай гипотезаның өзі тексеруді, дәлелдеуді қажет етеді. Осындай тексеруден кейін гипотеза ғылыми теорияға айналады, түрін өзгертеді, ал тексеру теріс нәтиже берсе, алынып тасталады. Гипотезаның өзі тексеруді, дәлелдеуді қажет етеді. Осындай тексеруден кейін Гипотеза не ғылыми теорияға айналады, түрін өзгертеді, ал тексеру теріс нәтиже берсе, алынып тасталады. Гипотеза ұсыну мен тексерудің негізгі ережелері: 1. Гипотеза өзіне қатысты барлық фактілермен үйлесімді, кем дегенде сыйымды болуы тиіс. 2. Фактілер сериясын түсіндіру үшін ұсынылған, бір-біріне қарама-қарсы көптеген Гипотеза ішінен олардың көпшілігін бірыңғай түсіндірілетіні артық, әрине, осы серияның жекелеген фактілерін түсіндіру үшін жұмысқа арналған Гипотеза дейтінді ұғынуға болады. 3. Фактілердің байланыс сериясын түсіндіру үшін әртүрлі Гипотезаларды мүмкіндігінше азырақ ұсыну қажет және олардың байланысы мүмкіндігінше неғұрлым жақын болуға тиіс. 4. Гипотеза кезде оның тұжырымдарының ықтималдылық сипатын ұғыну қажет. 5. Бір-біріне қайшы келетін Гипотезалар қосылғанда ақиқат болмайды, бұған олардың бір обьектінің әртүрлі жақтары мен байланысын түсіндіретін реті кірмейді. Қазіргі позитивистер, эмпириктер,алпы - индуктивтер" және т.т. ғылым обьективті дүниенің заңдылықтары туралы Гипотеза жасамай, қайта фактілерді пртоколды түрде тіркеп отыруға тиіс деп санайды. Өйткені, Гипотеза олардың пікірінше тек "жұмысшы" ролін атқарады және оның обьективті мазмұны болмайды. Алайда Гипотезаның ғылыми дәлелденген теорияға айналу фактілері мұның керісінше екенін дәлелдейді. Гипотеза әрқашан белгілі бір обьективті деректерге негізделгендіктен, оның теория дәрежесіне дейін дамуға мүмкіндігі болады. Қазіргі ғылымның сипаты, бақылау мен тәжірбие жасау механизмдерін күрделіленуі ғылыми ойлаудың бұл сатысын барған сайын мұқият зерттеуге мәжбүр етеді және Энгельстің Гипотеза дегеніміз "жаратылыстану ғылымы дамуының формасы, өйткені ол ойлайды..." (20-т., 555-бет) деген қағидасын қуаттайды.