Гитара

lat: Gıtar

испан тілі. з а т е с і м. м у з ы к а л ы қ. Жұқа фанерден жасалған шанағы сегіз есеп таңбасына ұқсаған, саусақпен шертіп тартатын, 6 не 7 ішекті музыкалық аспап. Г и т а р ы ң н ы ң ішектерінен Ғажайыпты үн келер. Жастық шақтың көктемінен Жазғы тасқын жыр келер (С.Мәуленов, Алыс кетіп.). Туған елге келдік міне, Бізбен бірге тойлашы. Қонды өнің көкірегіме, Г и т а р ы ң д ы ойнашы! (С.Мәуленов, Алыс кетіп.). Г и т а р ы н а шертіп өнді тамаша, Елти тыңдай еліктегіш балаша, Қиялменен қилы арманын шолтандай, Тұнық ойда отыр екен оңаша (Қ.Жармағамбетов, Баллада).