ГААГА КОНВЕНЦИЯЛАРЫ

lat: GAAGA KonvensıaLARY

Гаагада 1899 және 1907 жылдары халықаралық конференцияларда қабылданған соғыстың заңдары мен салттары туралы конвенциялар. Алғаш рет соғыс жүргізуді ізгілендіру қағидалары қабылданды және заңды түрде бекітілді, бұның ережелерінің бұзылуына байланысты жауапкершілік мемлекеттерге және жеке адамдарға жүктелді және оған қол қойған мемлекеттерді өз қарулы күштер конвенция талаптарымен таныстыруға, сондай-ақ барлық азаматтық тұрғындарды оның мазмұнымен ақпараттандыруға міндеттеді. 1899 және 1907 жылдары Гаага конвенцияларының ары қарай дамуы 1949 ж. соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенцияларында және осы конвенциялардың 1977 ж. І және ІІ қосымша хаттамаларында көрініс тапты.