ГААГАЛЫҚ БЕЙБІТ КОНФЕРЕНЦИЯЛАР

lat: GAAGALYQ BEIBİT KonferensıaLAR

Гаагада 1899 жылы (Нидерланд) (26 мемлекеттің қатысуымен) және 1907 ж. (44 мемлекет қатысты) өткен халықаралық конференциялар. Конференциялар қарулану, соғысты шығару және жүргізуді шектеуге қатысты халықаралық құқықтың қарапайым нормаларының негізін салды. Гаагалық конвенциялар халықаралық дау-жанжалдарды бейбіт реттеу, бейтараптық ұстану, бейбіт халықты қорғау, әскери тұтқындардың тәртібі, жаралылар мен аурулардың хал-жағдайы жайлы ережелерді қамтыған.