Ағылшын тілінен аударғанда “тек” деген мағынаны білдіреді. Америкалық сөздігінде оның тағы бір мағынасын табуға болады, мұнда “гендер” термині қай топқа, тапқа, санатқа жататындығын көрсететін қатынас көрінісі. Басқаша айтқанда, гендер бір нысан (не затпен) мен бұрыннан белгілі (тап, топ) басқа заттың қатынасын білдіреді. Яғни гендер тап ішіндегі бір нысанға, не индивидке сол тап ішіндегі ұстанымды, сондай-ақ қалыптасқан таптардың басқаларға қатысты ұстанымын белгілейді және бекітеді. Гендер дегеніміз — әлеуметтік қатынас (биологиялық, жыныс емес); немесе әрбір жеке тұлғаның арнайы әлеуметтік қатынастар терминіндегі көзкарасы. Егер кең мағынада гендер туралы айтар болсақ, бұл терминге күрделі жүйе енеді, бұл мағынада аталған термин әйелдер мен ерлер мінез-құлқының әртүрлі сипаттамасының, өмір сүру стилі мен ойлауын, нормалары мен өмірлік мақсаттарын және т.б. бейнесінің тұтас жүйесін ашып көрсететін жыныстың әлеуметтік-мәдени құрылымын білдіреді. Соған сәйкес, гендер — әлеуметтендіру өнімі. Ал биологиялық жыныс (sех) дегеніміз — даму нәтижесі. Жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымы ретінде бұл термин феминистік зерттеулерде қолданыла бастады. Гендер тұжырымдамасының негізгі идеясы айырмашылықтарды жойып, теңдікті қалыптастыруға бағытталмайды, ол өз жынысының “төбесі мен қабырғасы” шеңберінде жеке тұлғаның дамуын шектейтін кедергілерді жоюға бағытталған. Әлеуметтануда гендер мәселесі әртүрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың, биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу мәніне әсері мәселесіне айрықша назар аударылады (мысалы, сайлаушылардың мінез-құлқы, тәрбие, еңбек және т.б.) Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы (әйелдер мен ерлер) айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды. Егер ерекшеліктер табылмаса, ерлер мен әйелдер арасында түбірлі айырмашылықтар болатындығы туралы жалпы көзқарасты өзгертпегенімен гендердің аталған айнымалыға әсер етпейтіндігі туралы тұжырым жасауға болады. Адамдар әйел немесе еркек жынысында туғаннан кейін, әйелдер енжар, ал еркектер белсенді рөлдерге бөлінген күрделі жүйеге тап болады.