ГИДРОЦЕФАЛИЯ

lat: GIDROSEFALIaÁ

(hydrocephalia; cy + kephale бас) ми шемені, жұлынми сұйықтығы әрекетінің бұзылуына байланысты ми қарыншаларының өте кеңейіп кетуі. Көбінесе бұл тума сырқат болып токсоплазмоз, тума ақаулар нәтижесінде дамиды. Ми ткані атрофияланып, қарыншаларда бірнеше литр сұйықтық жиналып қалады. Тума гидроцефалияда бас сүйегінің жіктері ажырап кетеді.