ГИПЕРБОЛА

lat: GIPERBOLA

қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде бейне ашық, мәнерлі болып шығады. Гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп қолданылады. Мыс., үнді мифологиясындағы көп қолды құдайлармен, жетібасты айдаһардың бейнелері осы әдістің көмегімен құрастырылған.