ГОИ (ЖЫЛТЫРАТҚЫШ ПАСТА)

lat: GOI (JYLTYRATQYSH PASTA)

техникада кеңінен қоланылатын жылтыратқыш паста. ГОИ пастаны жасап шығарушы мекеменің қысқартылған атауы (Государственный Оптический Институт). ГОИ пастасының негізін хром тотығы құрайды. Одан бөлек құрамында стеарин, май, силикагель, керосин болады. Пастаның ірі, орташа, майда түрлері болады. Абразивті материалдармен өндегеннен кейін (тегістеу) бетте қалған сызаттарды жабу үшін ірі пастаны пайдаланады. Орташасы жылтыратылатын бетке бір тегіс жылтырақ береді. Майда пастамен өнделгеннен кейін бет айнадай боп қатты жылтырайды.