ГОРМОНДАР

lat: GORMONDAR

биологиялық белсенді ішкі секреция қызметінің жемістері. Гормондар ағзаның тіршілік үрдісінде маңызды рөл атқарады. Балалық жаста Г. ағзасының дамуына әсер етеді. Гипофиз қызметінің бұзылуы, гормондардың артуы немесе әлсіреуінен көрінеді. Гипофиз зақымдануы бойдың өсуіне зиян келтірумен қоса, балалар ағзасындағы заттар алмасуын қатты бүлдіріп, әсіресе семіріп кету, жыныс бездерінің дамымай қалуы немесе кешігіп дамуы, психика жағынан өзгерістер болуын (әлсіздік, селқостық, естің, ақылдың, т.б. бүлінуі) туғызады.