GPS

lat: GPS

(тех.) арақашықтықты, уақытты және орналасу нүктесін анықтауға арналған навигацияның жерсеріктік жүйесі. Кез келген жерде (полярлық аумақты қоспағанда), кез келген ауа райында, сонымен қатар ғаламшардың ғарыштық аймағында нысанның орны мен жүру жылдамдығын анықтап бере алады. Жүйені АҚШ Қорғаныс министрлігі жасаған.