(granulum – түйіршік) – әр түрлі жарақаттардың, жараның бітуі кезінде пайда болатын жас дәнекер ткань. Ол жерде капилляр қан тамырларының көп болуы нәтижесінде жараның беті түйіршіктеніп турады. Жас дәнекер ткань жетіліп, кейінірек оның орнында тыртық пайда болады.