ГРАНТ

lat: GRANT

мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттiк органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде беретiн мүлiк;