сусымалы материалдарды бөлшектерінің ірілігіне қарап механикалық сұрыптауға арналған уату-сұрыптау зауыттары мен байыту фабрикаларының технологиялық жабдықтарының негізгі түрлерінің бірі. Материалдарды фракцияларға бөлумен қатар материалдарды ылғалсыздандыру үшін де қолданылады. Грохоттар жылжымайтын (жылжымайтын елеуіш бет түріндегі жұмыс органынан және оны орнататын дөңгелек түріндегі, доға түріндегі және шошақ түріндегі қондырғылардан тұрады) және бір не екі елеуіш беттен, оларды орнататын қондырғылардан және елеуішті қозғалысқа келтіретін механизмнен тұратын жылжымалы түрі болып екіге бөлінеді. Жылжымалылары түрлері барабанды, тербелмелі, дірілді және жартылай дірілді болып ажыратылады.