Гаубица

lat: Gaýbısa

жаудың тасадағы нысанасын жоятын және қорғаныс бекіністерін: баспанасын, бақылайтын пункттерін, блиндаждарын бұзатын артиллериялық қарудың бір түрі. Гаубицаның оқпаны қысқа, снарядының бастапқы жылдамдығы 500-600 м/сек. Гаубицаның заряды ауыспалы болады, ол салмақтары әр түрлі 8-12 зарядтан құралады. Гаубицаның тұрақты көтерілу бұрышын биіктету арқылы снаряд траекториясын өзгертуге болады. Гаубицаның атыс қашықтығы 10-15 км. Калибрі біркелкі зеңбірек пен гаубицаны салыстырғанда, гаубица зеңбіректен 2-3 есе жеңіл келеді. Қазір гаубицаның да, зеңбіректің де қызметін қатар атқаратын гаубицаеңбіректер бар. Оның зарядының салмағын керегінше өзгертіп, әр түрлі он үш зарядтан құрауға болады. Гаубица-зеңбіректің көтерілу бұрышы 65 градусқа жеткенде гаубицаның өзіндей белгіге ие болады. гаубица ең үлкен зарядпен атқанда 655 м/сек жылдамдықпен 17230 м қашықтыққа жарықшақ-фугастық гранатаны жеткізеді.