(галлюцинация) — лат. сөзі, қаз. қиялдану, шатасу деген мағынада. Галлюцинация жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелердің туындауы. Галлюцинация елестеушілік (миға зақым келгендіктен көзге әр нәрсенің елестеуі, құлақтың жаңылыс естуі, мұрынның иісті айыра алмауы). Галлюцинация перцептивтік іс-әрекеттің патологиялық бұзылуы; берілген сәтте тиісті сезім органдарына әсер етпейтін объектілерді қабылдайды. Галлюцинация тысқары объектілердің ырықсыз, субъектіге тәуелсіз проекциялануынан және олардың кеңістік пен уақытта оқшаулануынан туындайды, осының салдарынан санада осы кенеттен пайда болған бейнелердің нақты болмыста объективті қабылданатын заттар деп білінуіне әкеліп соғады.