Галактикааралық

lat: Galaktıkaaralyq

с ы н е с і м. а с т р о н о м и я л ы қ. Галактикалар арасындағы, екі немесе бірнеше галактикалар бойынша. Дәлірек айтқанда, галактикадан тыс астрономияда табиғатта кездесетін мөлшері мен массасы өте үлкен объектілер, тығыздығы төмен г а л а к т и к а а р а л ы қ орталар, үлкен кеңістікте өтетін әртүрлі процестер, сондай-ақ аспан объектілерінің «өткен тарихы» да зерттеледі (ҚҰЭ).