з а т е с і м. а с т р о н о м и я л ы қ. Біздің галактикадан тыс орналасқан алып жұлдыздық жүйелер. Г а л а к т и к а л а р аспанда құс жолынан тыс жарық тұман түрінде көрінеді. Сондықтан оларды галактикадан тыс тұмандықта деп те атайды (ҚҰЭ). Га л а к т и к а л а р ғалымды құрайтын, өлшемдері өте үлкен жұлдыздар жүйелері (Қаз. тілі термин. Геология). Кейін Хаббл г а л а к т и к а л а р д ы ң құрылымдық жіктелімінің (классификациясының) негізін жасады. Бұл жіктелім бойынша, г а л а к т и к а л а р үш класқа бөлінеді: спираль бойымен орналасқан спиральдік галактикалар, эллипсоид пішіндес эллипстік галактикалар, белгілі пішіні жоқ бұрыс (регулярлы емес) галактикалар (ҚҰЭ).