Галогендік жыныстар

lat: Galogendik jynystar

г е о г р а ф и я л ы қ. Құрғақшылықтан кеуіп бара жатқан теңіз бассейндердің, тоғандардың, тұзды көлдердің түбінде қалған қаныққан ерітінділердің кристалдануы нәтижесінде түзілетін хемогендік шөгінді жыныстар. Г а л о г е н д і к ж ы н ы с т а рдың минералды галит, сильвин, карналлит, гипс, астрахонит, табиғи сода, бишофит, кайнит, полигалит т.б. түрлері бар. Кең тарағаны тас тұзы, сильвинит және карналитті жыныстар (ҚҰЭ). Га л о г е н д і к ж ы н ы с т ар д ы ң кристалданып шөгуі үшін ауа райының құрғақ, ыстық болуы, буланудың жауынашыннан әлдеқайда басым болуы, еріген тұз теңізден не жерасты суымен тұрақты келуі және су алабы түбінің үздіксіз және бірқалыпты төмендеуі шарт (ҚҰЭ).