неміс тілі. з а т е с і м. 1. Мойынтақ (көйлектің жағасын орай, алқымын түйіп, мойынға байлайтын жібек, тағы басқа матадан жасалған зат). Үстінде сұр костюмі бар, мойнында г а л с т у к. Бұл рахмет (С.Ерубаев, Менің құрдас.). Егер г а л с т у к байлап, ақ жағамен келсе, Мейрамның өзімен де сөйлеспес еді (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Төрдегі айна алдында бір балалау жігіт теріс қарап г а л с т у г і н байлап тұр екен (С.Мұқанов, Жұмбақ жалау). Салынған крахмалды ақ жағаға, Тағылған г а л с т у к те қатып түскен (Т.Жароков, Таңд. шығ.). 2. Мойынтақ с о в. (пионерлер тағатын үшбұрышты қызыл мата). Г а л с т у к қызыл мойнымда, Мектепке қарай жүгірдім (Қ.Аманжолов, Нұрлы дүние). Жаңада бір үлкен қыз пионер болды деп, Әсияның мойнына қызыл г а л с т у к байлап берген (С.Мұқанов, Аспаз). Пионерлер г а л с т у к тағып мойнына, Көшелерде күлімдейді шұбалып (Пернедегі терме.).