Гамма

lat: Gamma

з а т е с і м. 1. м у з ы к а л ы қ. Дыбыстардың бір я бірнеше октава мөлшерінде біресе жоғары, біресе төмендеу ырғағының жүйелі түрде орналасуы. Музыка сабағында әртүрлі дыбыс г а м м а л а р ы н айтқызып, жаттықтырып тұру қажет («Қазақст. мұғ.»). Г а м м а бір октавадан кем емес, барлық дыбыс қатарында жоғарыдан төмен немесе керісінше өтетін мелодияның бірт деп қозғалысы (Хормен жұмыс). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Әлденеше өзгеріп отыратын құбылыстардың, зат сапаларының үздіксіз бір жүйемен үйлесуі. Қамбар Уәлиев адам жанындағы эмоционалдық құбылыстардың барша күрделі г а м м а с ы н нағыз артистке, суреткерге тән шеберлікпен орындап шыққан (С.Абдрахманов, Елдік сыны). 3. Көркемөнер және декоративтік өнер туындыларын әзірлегенде қолданылатын түр-түс, бояу байлығы. Суретші «Шопан өні» деген суретін күміс-бозғылт түстердің үйлесімді г а м м а с ы м е н жазадыазақст. бейне.).