Ганглий

lat: Ganglıı

жүйке түйіні, глия клеткаларымен, дəнекер ұлпалы капсуламен қоршалған нейрон денесі мен өсінділерінің топталған жері; жүйке импульстерін интеграциялауды (шоғырландыруды) жəне өңдеуді жүзеге асырады. Омыртқасыз жануарларда өзара байланыстар арқылы бір жүйке жүйесін түзеді; екі жақты симметриялыларда сезім мүшелерімен байланысты жұп, бас ганглийлері жақсы дамыған. Байланыстыру орталығы жəне ОЖЖ қызметін атқарушы болып табылады. Омыртқалы жануарларда шет жүйке жүйесінің жолында жəне ішкі мүшелердің қабырғасында орналасқан вегетативті (симпатикалық жəне парасимпатикалық) жəне соматосенсорлық (жұлын жəне бас ми) ганглийлерін ажыратамыз. Базальді ганглийлерді бас ми ядролары деп те атайды.