француз тілі. з а т е с і м. Мәшине, мотоцикл, автомобиль сияқты автокөлік тұратын, арнайы жабдықталған орын. Мәшинесін г а р а ж ғ а қойғаннан кейін Еламан кеше нұркенің үйіне келді (І.Есенберлин, Айқас). Он шақты автомобиль, бірнеше мотоцикл тұрған г а р а ж бен бензин қоймасы өртенді (Т.Жанкелдин, Партизан). Жалт- жұлт еткен нұр қандай?! нұрды біреу шашып алып тұрғандай... Ұя сапты қалған ашық г а р а ж д а мәшиненің бауырына бір торғай (Т.Медетбек, Екі мыңжылдық.). Бұдан кейін Төлен г а р а ж ғ а барып, таңертеңгі төртте жүріп кетуге шофермен келісіп қайтты (Ж.Жұмақанов, Махаббат.).