француз тілі. з а т е с і м. 1. Киім ілуге, сақтауға арнайы жасалған шкаф; үй жиһазы. Киім ілетін жіңішке ғана г а р д е р о б төсектің аяқ жағында сыйып тұр (Ж.Жұмақанов, Қаракөз.). мұнда нақ төр алдында г а р д е р о б, оң жақта әдемі жабылған ақ кереует (С.Алдабергенов, Әңгім.). Мария қала қыздарынша киінбек болып, г а р д е р о б т а ғ ы утюгтеулі киімдерін дайындап қойды да, жуынуға шықты (Ж.Тілеков, Қайнар). 2. Мекеме, театр, я жұмыс орындарына келушілердің сырт киімдерін ілуге арналған орын, бөлме. Шахта г а р д е р о б ы н д а ғы сырт киімдердің қайсысын кисе де жеңі тылтиып, балағы шолтиып, ол бірден стилягаға ұқсап шыға келер еді (Ә.Нұршайықов, Жомарт өлке). 3. Жеке адамның барша киімі.