Гармониялық

lat: Garmonıaályq

с ы н е с і м. м у з ы к а л ы қ. Гармонияга тән (сапа). Олардың музыкалық характеристикалары тек мелодиялық жолмен емес, оркестр мүмкіндігінде, г а р м о н и я лық суретте, интервалдық өрістеу («Біржан-Сара»), не интонациялық тоқырау арқылы («Жанбота») беріліп отырады (А.Жұбанов, Мұқан Төлебаев). Бірақ ол опера музыкасында мелодиялық жағынан өрістемей, тритондық аккордтар, үлкен секундалар, квинталар кіші кварта сияқты г а р м о н и я л ы қ үн арқылы дамиды (Ж.Рсалдин, Ахмет Жұбанов). Г а р м о н и я л ы қ минор - белгілі биіктікпен орналасқан ұяң үнді дыбыстар тізбегінің VII дыбысының жарты тон жоғарлатуы (Қ.Қуатбаев, Қысқ. муз. сөз.).