француз тілі. з а т е с і м. ә с к е р и. 1. Елдімекенде немесе оның аймағында тұрақты, болмаса уақытша орналасқан әскери бөлімдер, әскери оқу орындары және мекемелер. Ел-жұрттың айтуынша, халыққа жұмыс беріп, жаппай көшу барысын тоұтатқан осы г а р н и з о н екен («Жас Алаш»). Г а р н и з о н н ы ң басшысын, оған бағынатын ауданның шекарасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің округ әскерінің қолбасшысы белгілейді (ҚҰЭ). 2. Бекіністе, бекіністі аудандарда немесе жеке қорғаныс құрылысында (мыс., қала гарнизоны, бекініс гарнизоны, форт (қамал), т.б.) орналасқан әскери бөлімдер мен бөлімшелер. Өте маңызды тапсырмаларды орындайтын әскери бөлімдер жеке г а р н и з о н болады. Әскери округ қолбасшысының бүйрығы бойынша, әрбір гарнизонға г а р н и з о н бастығы тағайындалады (Қ. Аманжолов, Қаз. әскери термин.). Жаңа келген г а р н и з о н түнгі күзет туралы әзірге ойламаған болса керек (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.). Г а р н и з о н қалың топтың бір бүйірінен жол ашып, екі жиегіне де қазқатар солдат қойған (С.Мұқанов, Есею.).