1. Елді мекенде немесе оның аймағында тұрақты немесе уақытша орналасқан әскери бөлімдер, әскери оқу орындары және мекемелер.
2. Бекіністе, бекіністі аудандарда немесе жеке қорғаныс құрылысында (мыс, қала гарнизоны, бекініс гарнизоны, форт (қамал), т.б. орналасқан әскери бөлімдер мен бөлімшелер.
Өте маңызды тапсырмаларды орындайтын әскери бөлімдер жеке гарнизон болады. Әскери округ қолбасшысының бұйрығы бойынша әрбір гарнизонға гарнизон бастығы тағайындалады. Гарнизон бастығы қарауыл және күзет қызметтері жөнінен осы гарнизонға қарасты барлық құрама мен бөлімдердің командирлеріне (әскери оқу құралдары мен ұйымдарының бастықтарына) тікелей басшылық етеді. Гарнизон бастығы гарнизондағы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуына, Қарулы Күштердің жергілікті объектілерін қорғау жұмыстарының жүргізілуіне, әскерлердің күнделікті өмірі мен жауынгерлік дайындығына жағдай жасауға, өртке қарсы ұйымдастырылған күзет және гарнизон жұмыстарына әскерлерді қатыстыруға жауапты. Гарнизон қызметі ұйымдастырылатын территорияның шекарасы әскери округ қолбасшысының бұйрығымен белгіленеді.