Гаттерия

lat: Gatterıaá

з а т е с і м. з о о л о г и я л ы қ. Бауырымен жорғалаушылар тобының тұмсықбастылар отрядына жататын өте ертеден тіршілік етіп келе жатқан жалғыз тұр. Г а т т е р и я н ы ң сыртқы түрі кесірткеге ұқсас. Г а т т е р и я тереңдігі бір метрдей інінде күндіз тығылып жатып, қорегін аулауға түнде шығады (ҚҰЭ). Қазір г а т т е р и я Жаңа Зеландия маңындағы бірнеше аралдарда ғана кездеседі, сол жерлерде арнайы қорық ұйымдастырылып, қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген (ҚҰЭ).