з а т е с і м. Желден, толқындардан, ағыстардан табиғи немесе жасанды түрде қалқаланған кеме келіп тоқтауға, жөндеуге және қыстауға арналған сулы кеңістіктің жаға бөлігі, айлақ. Г а в а н ь Тәңірегі тып-тыныш, жал жартастың ығына таман таяна бергенде, қайығы қайырға тиіп, қайраңдап қалды («Қаз. әдеб.»). Айлақ айдынының жүкті түсіру-тиеу не жолаушыларды мінгізу-түсіру операциялары жүргізілетін кеме тоқтайтын аймаққа шектес жатқан бөлігі де г а в а н деп аталады (ҚҰЭ).