Газ

lat: Gaz

з а т е с і м. ф и з и к а л ы қ. 1. Заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттың күйі. Дүниедегі ең жеңіл г а з - осы сутегі. Ол ауадан 15 еседей жеңіл (Н.Нұрахметов, Химия.). Бір орында тұрып істеген мәшиненің моторынан шыққан г а з д а н тез иіс тиеді (А.Әпсаттаров, Дәрігер.). Г а з молекулаларының соқтығысу уақыты, олардың еркін жолға кететін уақытынан әлдеқайда аз болады (ҚҰЭ). 2. Газ тектес отын немесе арнайы баллондардағы осындай отын. Махмет бостандыққа шыққаннан кейін Сібірдің г а з тарту құрылысында еңбек етеді, ақыры шетелге эмиграцияға кетуге можбүр болады («Егемен Қазақстан»). Қазақ қайда! Қазақтар ма? Қазақтар. Көшіп жүрген жерде қазір ғажап бар. Жезқазғаннан зымырандар зуылдап, Маңғыстауда лапылдайды г а з - оттар (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Қыс болса отыратын үйің дайын, Еңселі сонді сарай, қора жайың, Жем құюлы қамбада, шөп үюлі Г а з б е н е н қайнаулы тұр ет пен шайың (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 3. Асқазан мен ішектерде жиналып, бөлінетін газ тектес зат, жел. Г а з шықпай науқасты қинады. мұндай кезеңді Есімбек клиникадағы кезінде көрген (Е.Оразақов, Дәрігер.). Малға донді жем бергеннен кейін суаруға болмайды. Өйткені суға араласқан дон бөртіп, г а з шығарады, малдың ішін кептіріп ауыртады (С.Омаров, Қой. Бағу). Шытыр дейтін жапырақты шөп болады. Оны түйе мен сиыр малы жесе, іші кеуіп өліп қалады. Өлтірмеу шарасы оңай: төрт аяғын таңып тастап, кепкен қарынның сыртынан жуан бізбен піскілесе, іштегі г а з шығады да, мал оңалып кетеді. Іші кепкен түйені жетектеп желдіреді, сонда жел шығып, іші басылады (С.Мұқанов, Қазақ қауымы). Малдың тілінен тартып, жұтқыншағы мен таңдайын қытықтау керек. Сөйтіп оны кекірту арқылы ішіндегі г а з д ы шығаруға болады (Ғ.Әбішев, Мал жарақат.).