Газ динамикасы

lat: Gaz dınamıkasy

ф и з и к а л ы қ. Гидро аэромеханиканың сызылғыш тұтас орталардың (газ плазма) қозғалысын және олардың қатты денелермен өзара әсерін зерттейтін саласы. Г а з д и н а м и к а с ы н ы ң негізгі (бастапқы) теңдеулері механика мен температураның негізгі заңдарын сығылатын газдың қозғалыстағы көлеміне қолдану салдары болып табылады (ҚҰЭ). Г а з д и н а м и к а с ы арқылы газ қысымы, температура т.б. параметрлер газ таралуының тұтас аймағында анықталады (ҚҰЭ). Қазақстанда г а з д и н а м и к а с ы бойынша алғашқы жұмыстар 1939-41 ж. ҚазМУ-де (қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде) басталды (А. А.Гухман)