ф и з и к а л ы қ. Газдық разрядтар, электр тоғының газ күйін өзгерте отырып, газдың орта арқылы өту құбылысы. Газдың бастапқы күйін (құрамы, қысымы т.б.) анықтайтын, газға түсетін сыртқы әсерлердің, электрод материалдарының, пішіндерінің және олардың орналасуының, газда пайда болатын электр өрісі конфигурацияларының т.б. шарттардың көп болуынан г а з д а ғ ы э л е к т р р а з р я д т а р ы да әртүрлі болып келеді (ҚҰЭ). Г а з д а ғ ы э л е к т р р а з р я д т а р Ом заңына сырттан түсірілген потенциалдар айырмасының аз шамасында ғана бағынады (ҚҰЭ).