итальян тілі. з а т е с і м. 1. Ағымдағы саяси-әлеуметтік өмірден, мәдени, экономикалық, спорттық т.б. қоғамдық мәлімет- ақпарат беретін, үлкен парақтардан тұратын, түптелмейтін күнделікті немесе апталық мерзімді басылым. Г а з е т - ағымдағы саяси, экономикалық, мәдени, спорттық және басқа да оқиғалар жайындағы шағын материалдар мен фотосуреттер түптелмейтін әртүрлі пішіндегі парақтарға басылатын мерзімді, уақытша не бір ай ғана шығатын басылым (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Ел-жұртың ескіртпейді еңбегіңді, ұрпақтар ұмытпайды үлгі, өрнегіңді. Орнымнан үш ұмтылып тұра алмадым. Г а з е т т е н бір-ақ кәріп өлгеніңді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Мақтанасың, Шоқтанасың, Маздайсың... Сосын жерге кіріп кете жаздайсың. Өзіңді-өзің аямай бір сөгесің, Сен туралы г а з е т т е г і аздай сын! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 2. Газет дайындап шығаратын баспасөз ұжымы, мекемесі. Г а з е т - өкіметтің жазу қайраты, әлеумет жұмысының қадағашысы (І.Жансүгіров, Шығ.). Не болды екен, тағдырдың көзі өткен бе? Шіркін өмір, сараң-ау өжеттерге. Қайда сол бір достыққа ғашық адам, Жырын неге бермейді г а з е т т е р г е (М.Шаханов, Ғасырлар.). Ұстағасын белді бір г а з е т тұтқасын, Өлеңің сенің баспадан қалай шықпасын! Осыған қарап баға беру өлі ертерек, Мықты екеніңді алдымен халық құптасын (Ш.Әлдибекұлы, Көгілдір таулар). 3. Ақпарат жарияланатын басылымның материалы,жұқа парақ, қағаз. Жас әйел қолындағы жұмарланған г а з е т п е н сары масадан қорғанғандай желпінеді (Р.Әутәліпов, Қыр өңгім.). Шынын айтсам, ол көкбазардан қияр, алма орап әкелуге алып шыққан г а з е т еді (Е.Домбаев, Ғашықтық.). Таласамыз өжетсініп: жұрт көңілін қомсынып Кеше шыққан г а з е т т і ң Жыртығына қол сүртіп (Ж.Нәжімеденов, Мен туған.). Қарап едім, Угрюмов қалың г а з е т к е қолпаңдай ғып ораған шылымын құмарта үсті-үстіне сорып отырғанына көзім түсті (Б.Момышұлы, Москва.).