Гельминтология

lat: Gelmıntologıaá

грек тілі. з а т е с і м. б и о л о г и я л ы қ. Паразит құрттар және олар тудыратын адам, жануар, өсімдік аурулары туралы ғылым; паразитология саласы. Г е л ь м и н т о л о г и я XVIII ғасырдың 2-жартысында қалыптаса бастады. Оның негізін салушы неміс ғалымы К.А.Рудольфи (1771-1832) болды (ҚҰЭ). Республикада г е л ь м и н т о л о г и я саласындағы жүйелі зерттеулер Қазақ өлкелік мал дәрігерлік-бактериологиялық институтында, П.Ганова мен Н.В.Баданиннің ғылыми жұмыстарынан басталады (ҚҰЭ).