Генерал

lat: General

з а т е с і м. ә с к е р и. 1. Армия мен әскеритеңіз флотында, әуе флотында жоғары офицерлік әскери атақ немесе жоғары офицерлік шен және сол атақтың иесі. Г е н е р а л және адмирал деген атақ ең тәжірибелі, әскери және саяси дайындығы мол, әскерлерге басшылық етуде шеберлік пен біліктілік көрсеткен офицерлерге беріледі (Қ.Аманжолов, Қаз. әскери термин.). Г е н е р а л Панфилов аузымды ашуға да мұрша берместен, сергек басып алдымнан қарсы шықты (Б.Момышұлы, Жауынгер.). Өмір, өмір, өреніңе бер қуат, О, өлеңім, өрекпі де, еркін-ақ. Тойға келді қарт г е н е р а л Панфилов, Жиырма сегіз батырларын ертіп ап (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем). «Шіркін біздің г е н е р е л! деп солдаттар мақтанып, Айнытпастан әр сөзін Көкіректе жатқа алып, Жатыр аңдып жауларын (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. к ө т е р і ң к і. Мәртебесі биік деген мағынада. Көңілім көп жағдайда г е н е р а л-а қ Нелер шың, артта қалды нелер алап. Денем бір тітіркеніп кетті кейде. Жатқандай сайлау інім мені аралап (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).