б и о л о г и я л ы қ. Тірі ағзаларға тән нуклейн қышқылдары молекуласындағы тұқым қуалаушы (генетикалық) ақпараттық нуклейдтер тізбегі түріндегі біртұтас «жазылу» жүйесі. Г е н е т и к а л ы қ к о д т ы ң бір ерекшелігі өмбебап екендігі, яғни барлық организмдерге белгілі бір 3 нуклеотид белгілі бір амин қышқылдарын «жазады» (кодтайды) (ҚҰЭ). Тірі жасушаларда г е н е т и к а л ы қ к о д, яғни генмен кодталатын белок синтезі, екі матрицалық процестер (транскрипция және трансляция) арқылы жүзеге асады (Қаз. тілі термин. Биология). Г е н е т и к а л ы қ к о д т ы ң бірлігі - ДНК мен РНК молекуласындағы 3 нуклеотид (триплет) тізбектерінен тұратын кодон болып табылады (ҚҰЭ).