[грек тілі. genesis] з а т е с і м. 1. Ж а р а т ы л. Белгілі бір заттың, құбылыстың тууы мен одан әрі дамуын бейнелейтін ұғым. Бастапқыда г е н е з и с ұғымы ежелгі грек мифологиясында қолданылған (ҚҰЭ). Бір айырмашылығы органикалық дүниеде олардың пайыздық мөлшері өте аз, жүзден кейде мыңнан немесе одан да аз мөлшерде кездескенімен, элементтердің г е н е з и с заңына байланысты мөлшерде кездеседі («Зерде»). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Қандай да бір қоғамдық құбылыс не адам жанының өзгерістерінің даму жолы. Автор қолданған орынды теңеулер, салыстырулар, ішкі жан айқайынан туындаған азаматтық бет-пішін біздерді қоғамда болып жатқан күрт өзгерістерге сын көзімен қарап, оның г е н е з и с і мен болашағын бағдарлап отыруға үйретті («Түркістан»).