Геномдық мутация

lat: Genomdyq mýtasıaá

Жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты организмнің белгілері мен касиеттерінде пайда болатын өзгергіштік. Геномдық мутация тұтас гаплоидты жиынтықтың немесе хромосомалар санының көбеюіне немесе азаюына байланысты. Организмдерді хромосомалар саны гаплоидты жиынтыққа еселеніп көбеюіне қарай полиплоидты, ал еселенбесе анеуплоидты немесе гетероплоидты организмдер деп атайды.