Геоботаникалық карта

lat: Geobotanıkalyq karta.

Өсімдіктер немесе олардың топтарының жер бетінде өсіп таралуын көрсететін карта түрі. Г е о б о т а н и к а л ы қ к а р т а л а р әртүрлі қажетке жаралды және арнайы карта болып бөлінеді (ҚҰЭ). Түрлі қажетке арналған г е о б о т а н и к а л ы қ к а р т а л а р д а өсімдіктердің тарихи даму нәтижесінде қалыптасып, жер бетіне тарап орналасуы, өсімдік бірлестігі, олардың адам әрекеті мен жануарлардың т.б. жағдайлардың әсерінен пайда болған өзгерістер көрсетіледі (ҚҰЭ).