кез келген әлеуметтік табиғи құрылымның геоэкологиялық жағдайын сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер. Әдетте төрт негізгі геоэкологиялық индекстерді бағалайды: қоршаған ортаның ластануы индексі (атмосферада, гидросферада, литосферада); ресурстардың таусылу, түгесілу индексі (су, өсімдіктік, минералдық және т.б.); қатер индексі (экожүйенің тұрақтылығы белгісі бойынша); биосфераның популяциясына антропогендік ықпал индексі (адамдарды қосқанда). Жеке және ықпалдасқан индекстердің өзгеруі үрдістері нақтылы әлеуметтік табиғи құрынымның тұрақты даму жолында ма, әлде ол жолдан ауытқыды ма соны анықтайды.