з а т е с і м. Жер геосфераларындағы және оның ядросындағы физикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін ғылым. Жердің газ, сұйық, қатты қабықтарында жүріп жататын процестерді өз алдына толық түрде г е о ф и з и к а ғылымы зерттейді (Х.Әбішұлы, Халық астрон.). Қазақстанда г е о ф и з и к а н ы ң метеорология, ионосфера физикасы, сейсмология және барлау геофизикасы сияқты салалары кең дамыған (ҚҰЭ).