Геофизикалық өрістер

lat: Geofızıkalyq órister

бейтарап немесе зарядталған материалдық денелердің, қарапайым бөлшектер мен энергия кванттарының өзара әрекетінен пайда болатын әр түрлі (табиғи және жасанды) физикалық өрістер. Геофизикалық өрістерге параметрлері уақыт пен кеңістік бойынша өзгеретін және олардың көбі техногендік бастаулардан туындайтын сейсмикалық толқындардың өрістері, гравитациялық, магниттік, электрлік, температуралық, радиациялық, электромагниттік өрістер жатады.