Жердің гравитациялық, магниттік, геотермиялық және т.б. өрісін бейнелейтін карта. Г е о ф и з и к а л ы қ к а р т а л а р былайша сараланады: 1) геофизикалық түсірулер барысында алынған, бақыланған өрістер карталары; 2) бақыланған өрістерді интерпретациялау нәтижесінде алынған трансформацияланған өрістер карталары; 3) Жер өрістерінің өлшенген не есептелген физикалық параметрлерінің картасы; 4) Жердің физикалық өрістерінің бейнесін геологиялық, тектоникалық және т.б. мәлім еттермен ұштастырып, геологиялық-г е о ф и з и к а л ы қ к а р т а л а р (Қаз. тілі термин. Геология).