г е о л о г и я л ы қ. Жер геосфераларындағы және оның ядросындағы физикалық құбылыстар. Оның ішкі қабаттарында, бетінде, қоршап тұрған атмосферасында өзара байланысты түрлі құбылыстар болып тұрады. Оны г е о ф и з и к а л ы қ қ ұ б ы л ы с т а р дейді (М.Құдайқұлов, Ғылым. Дін. Тур.). Геологиялық процестер әртүрлі жылдамдықпен өтеді. Олардың көбі баяу өтеді және оларды көзбекөз бақылауға мүмкіндік жоқ, г е о ф и з и к а л ы қ қ ұ б ы л ы с т а р д ы геофизикалық аспаптардың жәрдемімен ғана байқауға болады (К.Сапарбайұлы, Геология.).