с ы н е с і м. География пәніне, ғылымына тән, соған қатысты. Бүкіл әлемдік саясатқа бағыт-бағдар беретін, оның жауапкершілігін көтеретін жаңа елдер пайда болды. Сондай-ақ г е о г р а ф и я л ы қ аймақтардың да мүддесін ескеру қажеттігі туды («Егемен Қазақстан»). Г.Шелихов - аса көрнекті теңізші, Солтүстік Американы, Алясканы, Курил, Алеут аралдарын, Тынық мұхит жағалауларын зерттеп, Америкада орыс отарын ұйымдастырып, орыс-американ сауда қарымқатынасын байланыстырған, г е о г р а ф и я л ы қ зерттеулердің кең түрде жоспарларын ұсынған адам (Н.Баяндин, Ғасыр.). Жерді рекультивациялау проблемасы сан қырлы, оның г е о г р а ф и я л ы қ, экономикалық, кентехникалық, топырақ, биологиялық орналастыру аспектілері бар (Т.Қалыбеков, Экология.).