Геохимия

lat: Geohımıa

з а т е с і м. Жердің химиялық құрамын, элементтердің көшу не таралу заңдылықтарын, атомдардың табиғи процестер кезіндегі орналасу мен көшу тәсілдерін зерттейтін ғылым. Геохимияның негізін қалаушылар В.И.Вернадский, М.В.Гольдшмидт, А.Е.Ферсман, Ф.Кларк. Ге о х и м и я - жер қыртысында кездесетін химиялық элементтер мен олардың изотоптарының орналасу немесе таралу заңдылықтарын зерттейді (К.Сапарбайұлы, Геология.). Руда шикізатындағы барлық пайдалы компоненттерді толық пайдалану міндетін ойдағыдай шешу үшін рудалардың геологиясын, минералогиясын, г е о х и м и я с ы н егжейтегжейлі, жете зерттеп, оларды өндірудің және технологиялық жағынан қайта өңдеудің неғұрлым прогрестік жолдары мен әдістерін іздестіру қажет (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.). Ал хром мен кремнийдің жер қойнауында бірге жүруі, г е о х и м и я д а ғы элементтердің туыстық заңдылықпен, яғни генезисіне сай бірге жүру заңымен қабысады («Зерде»).