[грек тілі. gе - жер, сһronos- уақыт, logos - ілім] з а т е с і м. г е о г р а ф и я л ы қ. Геологиялық жылнама; жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының түзілу кезеңдері (уақыты, жасы) мен саналу реті туралы ілім. Абсолюттік г е о х р о н о л о г и я бойынша тау жыныстары мен минералдардың түзілу уақытын (жасын) анықтау табиғи радиоактивті элементтердің ыдырау мезгіліне негізделген (Т.Тазабеков, Топырақтану). Стратиграфия мен салыстырмалы г е о х р о н о л о г и я н ы ң көпшілік қабылдаған халықаралық бірліктерінің негізінде жиынтық стратиграфиялық және геохронологиялық шкалалар жасалған (К.Сапарбайұлы, Геология.).