с ы н е с і м. Геологияға қатысты, байланысты. Сыртқы г е о л о г и я л ы қ процестер (ауа, су, мұз әрекеті) топырақты бұзуға да қатысады. Г е о л о г и я л ы қ заттар айналымы - жер қойнауындағы және бетіндегі тау жыныстар массасының өзгеруі мен қозғалуын қамтитын г е о л о г и я л ы қ процестер (Т.Тазабеков, Топырақтану). Тау-кен жұмыстарын айналадағы ортаға зиянсыз етіп жүргізген кезде орындалуға тиісті техникалық -биологиялық шаралар географиялық, г е о л о г и я л ы қ, экономикалық, экологиялық және модени жағдайлардың алуан түрін қамтиды (Т.Қалыбеков, Экология.). Серіктестік 1998 жылдан бастап «Арыс» мұнай кенішін игеру мақсатында г е о л о г и я л ы қ зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан болатын («Жас Алаш»).