Геолог

lat: Geolog

з а т е с і м. Геология ғылымының маманы. Болсақ та ажырамас дос алайда, Дарадара бөліндік басқа жайға. Сен кеттің туған елге мұғалім боп, Мен кеттім г е о л о г боп Қостанайға (М.Мақатаев, Шығ.). Көріспедік, жазысып хат та алмадық, Жүректен айтысып сыр ақтармадық. Білесің ғой, тұрақты адрессіз Г е о л о г т а р өзінше жатқан халық (М.Мақатаев, Шығ.). Таниды шалқардың өрісін, Табады кендердің қонысын, ... Сыншы да - г е о л о г біз оны, Сүйеміз ардақтап сол үшін (Қ.Мүсірепов, Раушан).