[грек тілі. gе - жер, metros - өлшеу] з а т е с і м. Математиканың кеңістік пішіндер мен қатынастарды, сондай-ақ оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы. Пифагор және пифагоршылар г е о м е т р и я н ы тек қана практикалық қажеттіліктен туған есептерді шешу әдістерін баяндайтын практикалық геометриядан бүтіндей бөліп қарап, оны үшбұрыш, төртбұрыш, көпжақтар сияқты абстракциялық (дерексіз) фигуралардың қасиеттерін жан-жақты да жүйелі түрде зерттейтін ғылым дәрежесіне көтереді (А.Көбесов, Математика.). Үнді математиктерінің шығармаларында математика қазіргідегідей арифметика, алгебра, г е о м е т р и я, тригонометрия салаларына бөлінбей, аралас білімдер негізінен нақты есептерді шешуге байланысты баяндалады (А.Көбесов, Математика.). Г е о м е т р и я ғылымы жаңа фактілерді жиыстыру және оларды бір-бірімен байланыстыратын айқындау бағытында дамыды (О.Жәутіков, Жаратылыстану.).