Геоморфологиялық ауытқу

lat: Geomorfologıalyq aýytqý.

Шектеулі бөлікше бедерінің оның айналасындағы (ая рөлін атқаратын) бедерден морфологиялық, генетикалық немесе жас ерекшеліктері бойынша өзгешеленуі. Г е о м о р ф о л о г и я л ы қ а у ы т қ у эндогендік (тектоникалық кертпештер, балшықты жанартаулар), экзогендік (жекелеген мореналық қырқалар, камдар) аралас жаралымды (аңғар морфологиясындағы өзгерістер, даму үстіндегі құрылымдардың шайылған күмбезі т.б.) түрлерге бөлінеді (Қаз. тілі термин. Геология).